«Астана» клубының бас директоры жанкүйерлермен кездесті

25.08.2021, 01:40
Тастанбек мырза бір апта болмай-ақ директордың міндетін атқарушыдан бас директор қызметіне көтерілді.
«Астана» клубының бас директоры жанкүйерлермен кездесті

Клубтың бас директоры Тастанбек Құтжанұлы «Астана» футбол клубының кеңсесінде спорт директоры Ғани Қайназаровпен бірге «12 игрок», «Oldboys» және «Бунтарки» фан-топтарының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуде футбол клубын дамыту стратегиялары, жанкүйерлер мен көрермендердің «Астана-Аренадан» ойындарды қашан көре алатыны жөнінде әңгіме өрбіді.

Айта кетейік, 61 жастағы Тастанбек Есентаев өткен аптада Давид Лорияның орнына клубтың бас директоры болып тағайындалған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×