УЕФА президенті Эриксеннің өмірін сақтап қалған Симон Кьер мен медицина қызметкерлерін марапаттады

25.08.2021, 01:49
Эриксен жасыл алаңға 4-5 айдан кейін оралады.
УЕФА президенті Эриксеннің өмірін сақтап қалған Симон Кьер мен медицина қызметкерлерін марапаттады

Осы жылы өткен Еуропа чемпионаты әдемі голдар, жарқын жеңістермен ғана емес, сонымен қатар Финляндиямен матч кезінде жүрегі тоқтап қалған Дания ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксеннің өмірін сақтап қалумен есте қалды. УЕФА президенті футболшыны құтқарып қалған адамдарды марапаттады.

«Жылдам рекация мен жоғары білікті медицина қызметкерлерінің арқасында Эриксен есін жиды және қазір сауығып келе жатыр. Дәрігерлерден бөлек, Симон Кьер де марапатқа ие болды. Дания капитаны бұл марапатты шұғыл әрекеті мен көрсеткен көмегі үшін, сондай-ақ өзінің көшбасшылық қабілеті үшін алды», - делінген УЕФА хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Дания құрамасының Финляндияға қарсы кездесуі 2021 жылы 12 маусымда өтті және 0:1 есебімен аяқталды. Ал Кристиан Эриксен 4-5 айдан кейін футболға оралатынын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×