«Астана» клубының басшылығында өзгерістер орын алды

08.09.2022, 17:18
Елордалық клуб жаңа атқарушы директор мен кеңесші тағайындады.
«Астана» клубының басшылығында өзгерістер орын алды

«Астана» футбол клубының басшылығында кадрлар ауысты.

Қазақстандық маман Арслан Беспаев «Астана» ФК атқарушы директоры қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшелерінде, Алматы қаласының қаржы басқармасында және Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде білім алған.

Асқар Әбілдаев «Астана» ФК бас директорының спорт қызметі жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Асқар Зубайдуллаұлы бұған дейін Қазақстан футбол федерациясында бұқаралық футбол департаментінің директоры және «Шахтер» мен «Каспий» футбол клубтарының атқарушы директоры, Қазақстан футзал қауымдастығының президенті, ҚФФ футзал департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×