Роберт Левандовски Чемпиондар лигасында тарихи рекорд орнатты

08.09.2022, 17:34
Поляк шабуылшысы кеше «Барселона» сапындағы алғашқы хет-тригін жасады.
Роберт Левандовски Чемпиондар лигасында тарихи рекорд орнатты

«Барселонаның» шабуылшысы Роберт Левандовски үш түрлі командамен Чемпиондар лигасында хет-трик жасаған алғашқы ойыншы атанды. Бұл туралы Opta Sport порталы хабарлады.

Поляк шабуылшысы бұл рекордты Чемпиондар лигасының 1-ші турында «Виктория Пльзен» командасымен болған кездесуде (5:1) орнатты. Роберт матчтың 34, 48 және 67-минуттарында мергендігімен көзге түсті.

Бұған дейін Левандовски «Боруссия Дортмунд» сапында (бір рет) және «Бавария» жейдесінде (төрт рет) хет-трик жасаған болатын.

Сонымен қатар Левандовски Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде үшінші орынға көтерілді. Роберт кәрі құрлықтың басты додасында 89 гол соғып, «Реалдың» шабуылшысы Карим Бенземаны (86) басып озды.

Бұл тізімдегі екінші орында ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси (125 гол) тұр. Ал рекорд «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Криштиану Роналдуға (140 гол) тиесілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×