“Атырау” белорус шабуылшысына қызығушылық білдіруде

08.12.2023, 20:03
“Атырау” белорус шабуылшысына қызығушылық білдіруде


“Атырау” ФК шабуылшы Николай Сигневичті қатарына қосуды жоспарлап отыр.

Футболшы өз мансабында “Ференцварош”, “Химки”, “Аполлон Смирнис”, “Динамо” Брест және БАТЭ ұжымдарында доп тепті. Трансфермаркет Николайды 200 мың еуроға бағалайды. 

31-жастағы футболшы 2022 жылдан бері еркін агент. 

Айта кететіні, мұнайшылар ұжымы қазіргі сәтте “Тобыл” ойыншысы Роман Асранқұловпен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×