Ауылдық жерде «Премьер лига» ойындары басталды

12.06.2020, 00:04
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында футболдан «Жонарық» премьер лигасы бастау алды.
Ауылдық жерде «Премьер лига» ойындары басталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында футболдан "Жонарық" премьер лигасы бастау алды. Турнирге 8 команда қатысып, айналым әдісінде кездесулер өткізіп ұпай жинайды. Ұпай басымыдылығына қарай чемпионат соңында жеңімпаз анықталады. Ауылдық жердегі өткізіліп жатқан "Жонарық" премьер лигасын 2 айда аяқтау жоспарланған. Аптасына бір тур ойындары өткізілуде. Бұл чемпионатты ұйымдастырудағы басты мақсатымыз-ең алдымен салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту. Ең негізгісі ауыл жастары арасында футбол спортын дамыту аудандық, облыстық турнирлерге командалар қосу. Осы бір миллиардтар ойынын кеңінен насихаттау, ауыл жастарын баулу. Пандемия режимін қатаң сақтау мақсатында командалар тек өз ойындарының уақытында келіп, көрермендердің қатысуынсыз матчтар өткізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×