«Барселона» «Атлетико» клубын сотқа бермек

09.09.2022, 17:35
Каталондық клубқа «Атлетиконың» жасап жатқан қулығы ұнамайды.
«Барселона» «Атлетико» клубын сотқа бермек

«Барселона» Антуан Гризманнмен болып жатқан жағдайға байланысты «Атлетико» клубын сотқа бермекші.

El Larguero порталының хабарлауынша, каталондық клуб сотқа шағым түсіруде және 31 жастағы француз үшін 40 миллион еуро талап етпек.

Еске салайық, Гризманн «Атлетикода» жалдау шарты бойынша өнер көрсетуде. Егер ол екі маусымдағы матчтардың 50 пайызында кемінде 45 минуттан ойнаса, «Атлетико» оны 40 миллион еуроға сатып алуы керек. Бірақ мұндай ақшаны төлегісі келмейтін мадридтіктер осы маусымдағы барлық кездесуде шабуылшыны 60-минуттан кейін алаңға шығарып жүр.

Ал француздың агенті осы жағдайды пайдаланып, каталондық клубпен төлем сомасын азайту туралы келіссөздер жүргізуде. Мадридтік команда «Барселонамен» ортақ мәмілеге келмейінше, шабуылшыны қосалқы құрамда қалдыруды жалғастыра бермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×