«Галатасарай» белгілі футболшыларды қатарына қосты

09.09.2022, 20:22
Түркиялық клуб ПСЖ және «Манчестер Юнайтедтің» ойыншысымен толықты.
«Галатасарай» белгілі футболшыларды қатарына қосты

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Хуан Мата «Галатасарайға» ауысты.

34 жастағы футболшы түркиялық командамен бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен бір жылдық келісім-шартқа қол қойды.

Испаниялық футболшы «Манчестер Юнайтедпен» бірге төрт трофей (Еуропа лигасы, Ағылшын лигасының кубогі, Англия кубогі және ел суперкубогі) жеңіп алды. Команда сапында 285 матчта Хуан 51 гол соғып, 47 нәтижелі пас берді. Бұған дейін Мата «Челси», «Валенсия» және «Реал Мадрид» клубтарында да ойнаған.

ПСЖ-ның аргентиналық шабуылшысы Мауро Икарди жалдау шарты бойынша «Галатасарай» командасына қосылды.

Келісім-шартта ойыншыны маусым соңында сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған. Transfermarkt порталы шабуылшының құнын 22 миллион еуроға бағалап отыр.

Париждіктер үшін Икарди бас-аяғы 92 матч өткізіп, 38 гол соқты, 10 нәтижелі пас берді. Франциялық клубқа ауысқанға дейін шабуылшы «Интерде» алты маусым өткізді (219 ойын, 124 гол, 29 нәтижелі пас).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×