“Бұрынғы клубыма ешқашан оралмаймын” – Ғалымжан Кенжебек “Қайратпен” арадағы суық қатынасын ашық айтты

18.05.2026, 18:37

Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Ғалымжан Кенжебек Алматылық "Қайраттан" дау-дамаймен кеткенін және ескі клубына қайта оралу жолы кесілгенін мәлімдеді. Ол өзінің трансферіне кедергі болған астыртын мәселелердің бетін ашты, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Бұрынғы клубыма ешқашан оралмаймын” – Ғалымжан Кенжебек “Қайратпен” арадағы суық қатынасын ашық айтты

Футболшының айтуынша, осыдан бір жарым жыл бұрын оның елордалық "Жеңіс" клубымен келісімшарты болған. Алайда, заңдық шиеленістер мен Aлматылық ұжымның талаптары оның алаңға шығуына мүмкіндік бермеген.

"Қайраттан” кетерде проблема өте көп болды, сондықтан оралмайтыным анық. Бір жарым жыл бұрын "Жеңіспен" келісімшартқа отырғаныммен, олардың сапында бірде-бір матч өткізе алмадым. Себебі дәл сол уақытта "Қайратпен” келісімшартым аяқталып жатқан еді. Алматылық клуб мен үшін тым үлкен өтемақы талап етті. Ондай қомақты ақшаны мен үшін ешкім төлегісі келмеді.” — деді Кенжебек.

Қаржылық құрсаудан құтылу үшін футболшы мен оның өкілдері халықаралық заңның көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Олар өтемақы төлемеудің амалын тапты.

Кенжебек өтемақы төлеуден заңды түрде жалтару үшін Кипр біріншілігіне аттанған. Заң бойынша шетелдік клубта 4 ай өткізген соң, ол кез келген ұжымға еркін агент ретінде тегін ауысу құқығына ие болды.

Ғалымжан Кенжебек мансабы қыл үстінде тұрған сәтте көмектескен футбол әлеміндегі беделді тұлғаларға ерекше алғысын білдірді.

“Бұл тығырыққа тірелген сәтте маған ағамыз — Ұлугбек Пахридинович Асанбаев үлкен көмек көрсетті. Оған айтар алғысым шексіз. Сондай-ақ, менің агентім Мамука Ломидзе мен тағы бір агент досым — Сергей де аянбай жәрдемдесті. Бұл адамдар мені өте қатты қолдады, мен олармен алдағы уақытта да байланысымды үзбеймін.” — деп түйіндеді сөзін ұлттық құрама ойыншысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×