Бапкер қызметінен кетуге мәжбүр – Қостанайдағы төңкеріс кімге тиімді?

18.05.2026, 20:20

"Тобыл" бас бапкері Мирослав Ромащенко қызметінен кетуі мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Бапкер қызметінен кетуге мәжбүр – Қостанайдағы төңкеріс кімге тиімді?

Елдар Аманбаевтың мәліметіне сүйенсек, Беларусьтік маманның орнынан кетуі клубқа келетін жаңа қожайынның жоспарларымен тікелей байланысты. Қостанайлық ұжым жаңа инвестордың басқаруына өткен сәтте, басшылық құраммен бірге бапкерлер штабы да түбегейлі өзгеруі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Мирослав Ромащенко Қостанайлық ұжымның тізгінін ҚПЛ-дың 6-турынан кейін ғана ұстаған болатын. Алайда, оның бастамасымен команда жанкүйерлер күткен тұрақтылықты көрсете алмады.

Оның қол астында "Тобыл" небәрі 6 ресми матч өткізіп, 3 кездесуде жеңіске жетсе, 3 ойында қарсыластарына есе жіберді.

Ең сорақысы — осы сәтсіздіктердің ішінде команданың Қазақстан Кубогынан мерзімінен бұрын ұшып кетуі де бар. 

Мұндай нәтиже мен клуб ішіндегі ауқымды өзгерістер Ромащенконың Қостанайдағы ғұмырының өте қысқа қылуы әбден мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×