Чемпион - "Шахтер", "Ордабасы" - кубок иегері!

29.09.2011, 18:29
Чемпион - "Шахтер", "Ордабасы" - кубок иегері!

Қазақстан премьер-лигасы мен кубогының соңғы матчтары ғана қалды. Кім жеңімпаз атанбақ? Маусым басталғалы бергі ұзын-сонар қаңқу әңгіменің тоқ етірн кім айтпақ. Айналдырған 2-3 маманның пікірін тыңдап жалыққан секілдіміз. Ел арасындағы ұзынқұлақтың да хабарлары осы күні шындыққа айналмай отыр.

Биылғы премьер-лиганы кейбір, нақты емес ақпарат көздері "Шахтер" алады дейді. Осы әңгімені естуін естігенімен де оған да аса қатты мән беріп сене қоймаған едік. "Жетісуды" осылайша ұтқызып қойып ешкім қарап отырмайтыны белгілі болды. Соңғы турлардағы нәтижелерге қарасақ, осы ойымыз шындыққа ұласып келе жатқан секілді. "Шахтер" ұпай жағалытып жатқан жоқ, "Жетісу болса соңғы үш ойында жеңілді. Осының өзі біраз нәрсенің бетін ашып тұрған секілді.

Биыл Еуропа лигасында "кеншілер" тәуір өнер көрсетті. Стадион, қаржылық жағы барлығы стандарттарға сай. Келер жылы Чемпиондар лигасында неге өнер көрсетпеске?

Кубоктың жеребесі тартылды. "Ордабасыға" "Тараз" түсті. Жамбылдықтарды жеңіп өтсе "Ертіс" немесе "Тобылмен" ақтық ойында кездеседі. Бұл екі команданы да жеңуге болады. Ал осы төрт команданың ішіндегі жеңімпаз бір ұжым келер жылы 100 пайыз Еуропа лигасында ойнайды. "Тобылдың" биылғы жағдай өте нашар. "Ертіс" те еуроойындарда мардымды дәнеңе тындырмады. Ал "Таразға" мұндай ойларға әлі ерте секілді. Сонда...

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×