Чемпиондыққа ешкімнің жоқ таласы!

06.06.2020, 01:39
Ливерпуль Чемпион!
Чемпиондыққа ешкімнің жоқ таласы!

Ағылшын Премьер Лигасы ресми түрде 17 маусымнан бастап жалғасын табады. 30 турға келіп тоқтаған,бұл турнирдің көшін Ливерпуль бастап тұр. Және өзгелерден біраз озып та кетті. Чемпион кім болады деп,бас қатырудың қажеті жоқ секілді. Басты қарсыласы Манчестер Ситиден 29 турдан кейін 22 ұпай алдыға озған Мерсисайдтық команда,кубокты иемденіп қойды десек те болады. 29 ойында, 66 гол соғып,21 гол жіберген "Қызылдар" 82 ұпай жинады. Энфилдта ұтылуды ұмытқан Ливерпуль, қонақта да ұпай жоғалтпады.

Бірақ, Чемпиондар Лигасында сәтсіздікке ұшырады. Қорғанысы берік "Атлетикодан" айласын асыра алмады.

Клопптың командасы бұл маусымда қорғаныс пен шабуылдың керемет үлгісін көрсетті десек те болады. Жылдам шабуыл,берік қорғаныс. Көз сүйсіндірген ойындары чемпиондыққа лайық еді. Еңбек ақталды. Көп жыл армандаған чемпиондық, биыл бұйырыпты. Клопп пен шәкірттерін, Ливерпульдің Қазақстандағы барша жанкүйерлерін чемпиондықпен құитықтаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×