Давид Алаба - Реалға бара ма?!

04.02.2021 14:43

Алаба Реалдың ақ жейдесін киеді ма?!

Давид Алаба - Реалға бара ма?!

Мюнхендік клубпен өткен көптеген сәтсіз келіссөздерден кейін Алаба осы маусым соңында басқа клубка ауысатын болды. Келіс шарт мерзімі аяқталған Алаба қазіргі таңда өзіне жаңа клуб қарастыруда. Жыл басында Реалмен 4 жылдық келім шартқа отырды деген жаңалық жарық көрген болатын. Бірақ оны футболшының агенті теріске шығарған еді. Алаба да бір кездері Реалдың сапында өнер көрсеткісі келетінін ашық айтқан болатын. Алайда, sportbild-тің хараблауынша Алабаның агенті мен Реалдың арасындағы келіссөздер озат жағдайда емес екен. Егер ағылшындық клубтардан жақсы ұсыныс түссе, өз кезегінде Алаба арманын Ағылшын премьер лигасына айырбастауға дайын дейді.

Ойыншыға Барселонада қызығушылық танытып отырған сыңайлы, Барселонаның президенттігіне үміткер Жоан Лапорта футболшының агенті Пини Захавимен жақсы қарым-қатынаста көрінеді.

Баварияда жақын уақытта қорғаныста үлкен өзгерістер болатынын хабарлайды немістің Kikker басылымы, Алабадан бөлек командадан Боатенг және Зюле де кетуі мүмкін дейді. Тренерлік штаб Зюленің фитнес деңгейіне көңілі толмайтынын өзіне жеткізген болатын. Ал жас неміс қорғаушысы өз кезегінде Ағылшын премьер лигасында ойнағысы келетінін жасырмайды. Мюнхендік клуб осы уақытта Лейпцигтің қорғаушысы Дайо Упомеканоны сатып алғылары келеді, және де бұл трансфердің орын алатынына Карл Хайнс Руменниге сенімді екенін жеткізді.

4 пікір

  1. Алабай

    Алабай

    04.02.2021 23:10

    Барсаны менсинбейм 8-2

  2. Алабай

    Алабай

    04.02.2021 20:23

    КПЛга Келемин

  3. Алаба

    Алаба

    04.02.2021 17:15

    Болатын *

  4. Алаба

    Алаба

    04.02.2021 17:14

    РЕАЛҒА БАРЫП МАЛ БОЛАЙТЫН ЖАЙ ЖОҚ ЛУЧШЕ БАВАРИЯДА ҚАЛА БЕРЕМ