Де Брюйне АПЛ-дың үздік ойыншысы атанды

16.08.2020, 22:27
Ағылшын Премьер лигасының биылғы маусымдағы үздігі анықталды
Де Брюйне АПЛ-дың үздік ойыншысы атанды

"Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне Ағылшын Премьер лигасының 2019/20 жылғы маусымының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды чемпионаттың ресми сайты.

Үміткерлердің қатарында Трент-Александр Арнольд, Джордан Хендерсон, Садио Мане (барлығы - "Ливерпуль"), Кевин Де Брюйне ("Ман Сити"), Дэнни Ингс ("Саутгемптон"), Ник Поуп ("Бернли"), Джейми Варди ("Лестер") болды.

Биылғы тәмамдалған маусымда Кевин Де Брюйне 20 нәтижелі пастың авторы атанып, АПЛ-дағы Тьерри Анридің рекордын қайталаған болатын. Сондай-ақ, 13 рет мергендігімен көзге түсті. Және өздеріңіз білетіндей, оның командасы турнир кестесінде екінші орынға жайғасып, күміс жүлдегер атанған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×