Диего Коста «Атлетикодан» кетеді

28.12.2020, 20:24
Испаниялық шабуылшыға Бразилия, Қытай елдерінен ұсыныс түскен
Диего Коста «Атлетикодан» кетеді

Мадридтік "Атлетиконың" шабуылшысы Диего Коста клубтан кетеді, деп хабарлайды белгілі журналист Фабрицио Романо. Оның айтуынша, ойыншыға бразилиялық және қытайлық клубтардан қызығушылық танытып отыр. Оның үстіне, Костаның өзінің де "Атлетикомен" келісім-шартты ұзартуға аңсары ауып тұрғаны шамалы.

32-жасар испаниялық форвард ағымдағы маусымда "матрасшылар" сапында 7 ойынға қатысып, 2 мәрте гол авторы атанған. Оның "Атлетикомен" келісімі 2021 жылдың 30 маусымында бітеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×