Дубайда жылдың үздіктері анықталды

28.12.2021, 14:09
Globe Soccer Awards тұжырымы бойынша үздіктердің есімі белгілі болды.
Дубайда жылдың үздіктері анықталды

Дубайда Еуропалық клубтар қауымдастығының ұйымдастыруымен Globe Soccer Awards марапаттау рәсімі өтті.

ПСЖ мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе жылдың үздік ойыншысы болып танылды.

Мюнхендік «Бавария» мен Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски жылдың үздік сұрмергеніне берілетін Марадона кубогіне ие болды. 2021 жылы футболшы 69 гол соқты.

«Манчестер Юнайтед» пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Globe Soccer Awards нұсқасы бойынша футбол тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.

Жылдың үздік бапкері болып Италия құрамасының тәлімгері Роберто Манчини танылды, оның командасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатында топ жарды. Үздік қорғаушы атағын Леонардо Бонуччи («Ювентус») иеленді. Ал Италия жылдың ең үздік құрамасы атанды.

Сонымен қатар Италия құрамасы мен ПСЖ сапында өнер көрсететін Джанлуиджи Доннарумма жылдың үздік қақпашысы деп танылды.

«Челси» 2021 жылдың үздік клубы атанды. Биыл неміс маманы Томас Тухельдің жетекшілігімен лондондықтар финалда «Манчестер Ситиді» (1:0) ұтып, Чемпиондар лигасында топ жарды, сонымен қатар УЕФА суперкубогін жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×