Руслан Есімов «Қызыл-Жардан» кетті

28.12.2021, 16:54
Карпович Конференция лигасында жақсы ойнау үшін құрамды қайта жасақтамақ.
Руслан Есімов «Қызыл-Жардан» кетті

Петропавлдық «Қызыл-Жар» 31 жастағы қазақстандық қорғаушы Руслан Есімовтің командадан кеткенін хабарлады.

«Рахмет, Рус! Павлодар футболының аты аңызға айналған ойыншысы Руслан Есімов біздің клубтан кетеді. Біз Русланға алаңда да, одан тыс жерде де біздің ойыншымыз ретінде көрсеткен адалдығы мен кәсібилігі үшін алғыс айтамыз», - деп жазады «Қызыл-Жар» клубының баспасөз қызметі.

Еске салайық, Руслан Есімов петропавлдық клубқа осы жылдың ақпан айында келген болатын. «Қызыл-Жар» сапында 20 кездесу өткізіп, бір гол соқты және үш нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×