Джанни Де Бьязи: «Қазақстан топта бірінші орын алады деп ешкім күткен жоқ»

25.09.2022, 17:06
Әзербайжан бүгін жеңіске жетсе, сыйақыға кенеледі екен.
Джанни Де Бьязи: «Қазақстан топта бірінші орын алады деп ешкім күткен жоқ»

Әзeрбайжан құрамасының бас бапкері Джанни Де Бьязи Қазақстан құрамасымен болатын матч қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Azerisport.com.

- Словакиямен өткен ойыннан кейін (2:1) уақыт керек дедіңіз. Не үшін бұлай айттыңыз?

- Үй салғанда, ең алдымен іргетасын қалау керек. Сіз мұны бір күнде жасай алмайсыз. Үй үлкен болса, одан да көп уақыт қажет. Алғашқы төрт ойынды жақсы өткіздік. Бакуде Словакиядан жеңілмеуіміз керек еді (0:1). Қазақстанмен болған кездесуде қарсыласқа қарағанда жақсы ойнадық (0:2). Беларусьпен (0:0) тең түспей, ұтуымыз мүмкін еді. Қажетсіз жерлерде ұпай жоғалтпағанда, бүгін бірінші орын үшін ойнайтын едік. Бірақ 10 ұпай, қатарынан үшінші жеңіс және екінші орын да жақсы нәтиже. Мен командаға ризамын. Біз дұрыс жолда келе жатырмыз.

- Словакиямен болған матчтың екінші таймында Әзербайжан тек қорғанысқа көңіл бөлді. Негізгі құрамда Гара Гараев пен Рахим Садыховтың болуы өз пайдасын тигізді деп ойламайсыз ба?

- Бізбен командадағы ойыншыларға сенуіміз керек. Мен олардың барлығына ризамын. Сіз айтқан ойыншылармен талай матчта жеңіліп қалдық. Ұлттық құраманың есігі барлығына ашық, бірақ жабылуы да мүмкін. Ұлттық құрамада болсаң, өзіңді жақсы ұстауың керек.

- Ал ұлттық құрамада өз клубындағыдай жақсы ойнай алмайтын Эльвин Джамалов жайлы не дейсіз?

- Ол - жауынгер. Алаңда барын салады. Ойнамаса да біз үшін маңызды ойыншы. "Сабах" клубындағы көшбасшылардың бірі. Мен оған ризамын.

- Жеңіс үшін ойыншыларға 35 000 манат берілетіні хабарланды. Бұл командаға кері әсер етпей ме?

- Мен оған түсініктеме бермеймін. Кім айтты, содан сұраңыз.

- Әрі қарай Әзербайжан құрамасында қалғыңыз келе ме? Егер қалсаңыз, не нәрсеге қол жеткізесіз?

- 1 қазанда келісім-шартым біткен соң айтатын боламын.

- Ұлттық құрама бұған дейін үш матч қатарынан жеңіске жеткен емес. Бұл Сізді ертеңгі ойын алдында ынталандыра ма?

- Ойын қиын болады. Қазақстан топта бірінші орын алады деп ешкім күткен жоқ. Жақсы команда. Олар бірінші орынға лайық. Өткенді ұмытуымыз керек. Енді біз жеңіске жетуіміз тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×