Қазақстан жастар құрамасы Ресейге есе жіберді

25.09.2022, 01:20
Келесі матчты біздің жастар Беларусь командасына қарсы өткізеді.
Қазақстан жастар құрамасы Ресейге есе жіберді

Қазақстан жастар (U20) құрамасы оқу-жаттығу жиыны аясында өткізген жолдастық кездесуде Ресейден 2:1 есебімен жеңіліп қалды.

Ресей U20 – Қазақстан U20 – 2:1

Голдар: 33’ Тюкавин, 40’ Тюкавин (пен) - 86’ Бөрібаев

Қазақстан U20: Темірлан Анарбеков (қ), Лев Кургин, Әділбек Жұмаханов (к), Мейрамбек Қалмырза, Әділхан Добай, Максим Самородов, Иван Свиридов, Дамир Қасаболат, Ерсұлтан Қалдыбеков, Муроджон Халматов, Абылайхан Назымханов

Қосалқы құрам: Никита Пивкин (қ), Азат Бақытов (қ), Егор Ткаченко, Владислав Кравченко, Нұрғайни Бөрібаев, Ғалымжан Кенжебек, Асқар Сатышев, Даниил Нырков, Ибрагим Дадаев, Байжан Мәделхан, Константин Горизанов, Жаннұр Көкеев

Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері келесі матчты 27 қыркүйек күні Беларусь командасымен өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×