Джуниор Кабананга: «Өз үйіме оралғаныма бақыттымын!»

13.07.2018, 15:16
Джуниор Кабананга: «Өз үйіме оралғаныма бақыттымын!»
«Астана» футбол клубы тарихындағы үздік сұрмергендердің бірі Жуниор Кабананга елорда командасына «Әл-Насыр» клубынан бір жылға жалға келді. Шабуылшы клубтың баспасөз қызметіне қайтып келгеннен кейінгі алғашқы сұхбатын берді.

- «Астана» деп аталатын өз үйіме қайта оралғаныма бақыттымын! Мен Сауд Арабиясында болған уақытта, әр кезде астаналықтардың ойындарын бақылап, жанкүйерлік еттім.

- «Астана» сапында өз алдыңызға қандай мақсат қоясыз?

- Мен өз командалас әріптестеріммен бірге бесінші мәрте Қазақстан чемпионы атанып, еурокубоктардың топтық кезеңіне шыққым келеді. Командалық жетістікке жету үшін барлық күш жігерімді аямауға тырысамын.

- «Астанаға» бас бапкер болып Роман Григорчук келді. Жаңа маманның қол астындағы жұмыстан қандай нәтиже күтесіз?

- Ол өте жақсы маман. Мен әр кезде көп футбол қарауға тырысамын. Ол Әзірбайжанда үлкен жетістікке қол жеткізді. Григорчук – рухани жеңімпаз. Жеңімпаз бапкердің қол астында жаттығу өте жақсы, ол ойыншылардың дамуына көмектеседі.

- Өзіңіздің спорттық бабыңызға келіп үлгердіңіз бе?

- Менің алаңға шықпағаныма ұзақ уақыт болғанымен, демалыс кезінде жекелей жаттығу жұмыстарын жасап жүрдім. Одан кейін, «Аль-Наср» футбол клубымен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізіп, күніне 2 мәрте жаттығу жұмыстарын жасадық. Маған дәл қазір ойын тәжірибесі жетіспейді. Сондықтан, мен 80%-ға ғана дайынмын деп айта аламын. Дегенмен, 7-10 күннің ішінде нағыз бабыма келемін деп ойлаймын.

fcastana.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×