38 жастағы футболшы мансабына нүкте қойды.
“Данубио”, “Палермо”, “Наполи”, “Пари Сен-Жермен”, “Манчестер Юнайтед”, “Валенсию” және “Бока Хуниорс” клубтарында ойнаған Эдинсон Кавани 38 жасқа келген шақта футболмен қоштасты.
Жалпы өз мансабында уругвайлық 745 матч өткізіп, 404 гол мен 79 голдық пас берді.
Кавани футболшы ретінде ең көп трофейін "ПСЖ" сапында жүріп жеңді. Атап айтсақ, Францияның 6 дүркін, Франция Кубогының 6 дүркін, Франция Лигасының 6 дүркін және Франция Суперкубогының 5 мәрте жеңімпазы атанды. Өз ұлттық құрамасында Эдинсон 2010/11 жылғы Копа Америка турнирін жеңді.