Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасының рекордын қайталады

07.09.2022, 16:34
Шабуылшы «Севильямен» болған матчта дубль жасады.
Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасының рекордын қайталады

«Манчестер Ситидің» шабуылшысы Эрлинг Холанд үш түрлі клубтың құрамында Чемпиондар лигасының дебюттік ойындарында гол соққан төртінші ойыншы атанды.

Бұған дейін мұндай көрсеткішті Фернандо Морьентес, Хавьер Савиола және Златан Ибрагимовичке тіркеген болатын.

Сондай-ақ норвегиялық шабуылшы Премьер-лигадағы және УЕФА Чемпиондар лигасындағы дебюттік матчында көзге түскен «Манчестер Ситидің» алғашқы ойыншысы атанды.

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 1-туры аясындағы ойында «Севилья» өз алаңында «Манчестер Ситиді» қабылдады. Севильядағы (Испания) «Рамон Санчес Писхуан» стадионында өткен кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Эрлинг Холанд бұл ойында екі гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×