Лука Модрич «Реал Мадридтің» тарихына енді

07.09.2022, 19:31
Модрич өзінің мерейтойлы матчында гол соқты.
Лука Модрич «Реал Мадридтің» тарихына енді

Хорватиялық жартылай қорғаушы Лука Модрич 1965 жылдан бері УЕФА Чемпиондар лигасының матчында гол соққан «Реал Мадридтің» ең егде жастағы (36 жас 362 күн) ойыншысы атанды.

Бұған дейінгі рекорд Ференц Пушкашқа тиесілі еді (38 жас 173 күн). Ол 1965 жылы «Фейеноордқа» қарсы ойында гол соқты.

Модрич «Реал Мадрид» үшін Чемпиондар лигасындағы 100-ші ойынын өткізді. Қазір мадридтік клуб сапында бұл көрсеткішті еңсерген сегіз ойыншы бар. Модричтен бөлек, бұл футболшылардың қатарында Икер Касильяс, Рауль Гонсалес, Серхио Рамос, Карим Бензема, Роберто Карлос, Марсело және Криштиану Роналду бар.

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 1-ші турында «Селтик» өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдады. Глазго қаласындағы (Шотландия) «Селтик Парк» стадионында өткен кездесу 3:0 есебімен мадридтік клубтың пайдасына аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×