Мауро Икардидің қай командаға ауысатыны белгілі болды

07.09.2022, 20:13
Шабуылшы мансабын Түркияда жалғастырады.
Мауро Икардидің қай командаға ауысатыны белгілі болды

«Пари Сен-Жерменнің» шабуылшысы Мауро Икарди жақын арада «Галатасарайға» ауысады. Аргентиналық футболшы түркиялық клубта бір жыл бойы жалдау шарты бойынша өнер көрсетеді, деп хабарлайды Фабрицио Романо.

29 жастағы Икарди ПСЖ-ға 2019 жылдың қыркүйегінде «Интерден» жалға алынған еді. Бір жылдан кейін париждіктер футболшыны 50 миллион еуроға сатып алды. Жалпы ПСЖ сапында Икарди 92 матчта 38 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Биылғы маусымда Мауро алаңға шыққан жоқ. Ал тараптар арасындағы келісім-шарт 2024 жылы аяқталады.

«Галатасарай» Түркия чемпионатындағы төрт ойында жеті ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×