Эрлинг Холланд жайлы сіз білмейтін 13 дерек

11.11.2020, 07:18
Холланд жас болғанына қарамастан біршама рекордтарды жаңартып тастады.
Эрлинг Холланд жайлы сіз білмейтін 13 дерек

1. Ол Лидс қаласында дүниеге келген және өзін жергілікті команданың жанкүйері санайды

Ол – "Лидс Юнайтед" пен "Манчестер Сити" командаларының бұрынғы қорғаушысы Альф-Ингенің ұлы. Туған жері – Ұлыбритания.

2017 жылдың ақпан айында берген сұхбатында «арманым Лидспен бірге Премьер- Лиганы жеңу» деген екен.

2. Ол әлемдік рекордты бес жасында жаңартқан

2006 жылы 22 қаңтарда орыннан секіру бойынша 1.63 метр ұзындыққа секіріп әлемдік рекорд жаңартқан.

3. Оның анасы – Норвегия чемпионы

Холландтың әкесі кім екенін білдік, ал оның анасы да спортқа жат адам емес. Грай Марита ханым жеті сайыс бойынша Норвегия чемпионы.

4. Өзінің ересек футболдағы дебютын 15 жасында жасады

Ұлыбританиядағы "Брайне" футбол клубы өз қатарындағы жас таланттың ертерек жетілуі үшін оны 15 жасында ересектер құрамасына қосты.

5. Оле Гуннар Сульшер оған ең үлкен демеу көрсетті

Холланд 2017 жылы "Мольде" клубына келеді, ол кезде клубтың жаттықтырушысы Оле Гуннар Сульшер болатын. «Оле менің өміріме керемет әсер етті және көп нәрсені үйретті, ол менің ойыншы болып қалыптасуыма себепші тұлғалардың бірі. Ол – жақсы адам және жақсы бапкер» - деді берген сұқбатында.

6. "Мольдедегі" лақап аты – «Балақай»

Өзінің еңселі бойы және күндіз-түні жаттығу залындағы төккен терінің арқасында, бозбала жасында ересек азаматтай дене бітімге ие болды. Сол себепті командаластары оған «Балақай» деген лақап ат берген.

7. Алғашында ол рэппер болғысы келген

Рэп әлеміне «King Flowz» деген есіммен енгісі келіпті. Желідегі оның видеоларын көріп қалсаңыз, оның футболды қолға алғаны дұрыс шешім болғанына көздеріңіз жетеді.

8. Холланд бір ойында 9 гол салған

Холланд халықаралық headlin-ды 2019 жылдың мамыры FIFA U-20 Әлем біріншілігінде жасады. Гондурас құрамасын 12 – 0 есебімен жеңген. U-20 Әлем кубогіндегі ең көп гол соққан жасөспірім деген тұжырым бойынша да рекордты жаңартты.

9. Златанды пір тұтады

«Менің еліктейтін тұлғаларым көп және көптеген футболшылардың ойынын тамашаладым, алайда ең мықтысы – Златан. Шеберлігі мен ойынына тәнтімін. Ол да Скандинавиялық, яғни оның орнын басатын адам керек», - дейді жас дарын.

10. Ол қазірдің өзінде Чемпиондар Лигасында бірнеше рет рекорд жаңартқан

Холланд ПСЖ-ға қарсы ойынында 10-шы голын салып, басқа ойыншылармен салыстырғанда бұл межеге әлдеқайда ерте жеткен. Чемпиондар Лигасындағы хет-трик салған ойыншылардың ішіндегі ең жасы да сол – Холланд.

11. Оның сүйікті әні – Чемпиондар Лигасының әнұраны

Барлығымыз Чемпиондар Лигасының әнұранын жақсы көреміз, бірақ Холландтай ешкім жақсы көрмейді.

"Генк" қақпасына жасаған хет-тригінен кейін оның бұрынғы командаласы Максимиллиан «Кеше біздің капитан кішкене қызымен қыдырып жүргенде, қасына Эрлинг көлікпен кеп тоқтады. Терезесін түсірсе, ішінде Чемпиондар Лигасының әнұраны ойнап тұр», - деген еді.

12. Сұхбатта сөзге шорқақ

Холланд гол салу жағынан мықты болса да, сұхбат беру оның ісі емес.

13. Криштианудың диетасын ұстанады

Ол Роналдудың тек қана диетасын емес барлық істейтін ісін қайталауға тырысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×