Ертеңгі Ағылшын премер лигасындағы ойындарға болжам

20.06.2020, 04:42
Менің болжамым мынадай.
Ертеңгі Ағылшын премер лигасындағы ойындарға болжам

Ертеңгі Ағылшын премер лигасындағы ойындарға менің болжамым

  1. Уотфорд- Лестер. Мен үшін өте қызық ойын. Лестер ертең жанталасып ойнары анық өйткені команда мақсаты Брендон Роджерс командасы үздік 4 тіктен шығып қалмас үшін тырысары анық дүние. Ал Уотфорд командасы 17 орында оларғада ұпай ауадай қажет. Дегенмен алдыңғы ойындарында Лестер жеңіпті.Менің ойымша жеңіс Лестер. Дегенмен Уотфорд голсыз қайтпайды деп отырмын.
  2. Брайтон - Арсенал. Өткен алдыңғы ойында Арсенал әбіржіп оңбай Манчестер Ситиден ұтылып, көңіл күйлері мәз емес екені белгілі.Тазы ашуын тырнадан алады демекші  Арсенал бұл ойында Брайтонды ұтады деп ойлаймын.
  3. Уест Хэм - Вулверхэмптон. Бұл ойын туралы өте қиын. Деңгейлес командалар, бірақ та Уэст Хэм командасының турнирлік кестеде жағдайы мәз емес,сондықтан әрбір ойын шешуші мәселе екені анық,ал Вулверхэмптон турнирлік кестеде үздіктер қатарынан шығып қалмас үшін оңай берілмесі анық.Сондықтан ертеңгі ойында екі команда да голсыз қайтпайды деп отырмын.

Болжамым ұнаса пікір жазыңыздар. Келесіде сіздерге ұнаса тағы жазамын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×