Еуро-2020 қарсаңында: Австрия құрамасына шолу

01.06.2021, 23:47
Іріктеуден іркілмей өте білді.
Еуро-2020 қарсаңында: Австрия құрамасына шолу

Австрия құрамасы. Қазіргі уақытта Франко Фода баптайтын Австрия ұлттық құрамасы Еуро-2020 бәсекесінің жолдамасына аса қиналмай қол жеткізді.

9k=

(Франко Фода, бас бапкер)

Іріктеу сынында Польша, Солтүстік Македония, Словения, Израиль, Латвия құрамаларымен G тобында өнер көрсетті. Он ойында 6 рет жеңіс тойын тойлап, 1 тең ойын өткізіп, 3 рет қарсыластарына есе жіберді.

Бір ғасырдан аса тарихы бар бұл құрама ең алғашқы ойынын 1902 жылы Венгрияға қарсы өткізді. 5-0 есебімен жеңді.

Ең ірі жеңісі 1977 жылы тіркелді. Мальта құрамасын 9-0 есебімен жеңді. Ал, 1908 жылы өздеріне қарсы ойнаған ағылшындар 1-11 қылып тас-талқан етті. Бұл Австрия үшін ең ірі жеңіліс.

Австриялықтар әлемдік доп додасында 7 мәрте бақ сынады. 1954 жылғысында 3-ші тұғырдан көрінді. Сол кезден кейін мұндай биік жетістікке жете алмады. Ал, үшінші рет жолдама алып отырған еуропа бәсекелеріндегі нәтижесі керемет деп айтуға келмейді. Финалдық кезеңге өз күштерімен тек екі рет жолдама ала алды. 2008 жылғы аламанда алаң қожайындары ретінде қатысу құқығына ие болды.

Бұл құраманың ең көп ойын өткізу көрсеткіштері бойынша үздігі - Андреас Херцог. Ол 1988-2003 жылдары ел құрамасы үшін 103 ойын өткізді.

Z


Ал, 1982-2000 жылдар аралығында 44 гол соққан Тони Польстер құраманың үздік сұрмергені.

Z


Неміс маманы жаттықтыратын Австрия құрамасы биылғы Еуро-2020 турнирінде С тобында бақ сынайды. Қарсыластары: Голландия, Солтүстік Македония, Украина. Солтүстік Македония құрамасымен іріктеу сынында бір топта өнер көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×