Еуро-2020 қарсаңында: Е тобы

08.06.2021 02:55

Бұл топта Испанияның бәсі жоғары.

Еуро-2020 қарсаңында: Е тобы

Еуропа чемпионаты. Топтық кезең. Е тобы. Испания, Польша, Швеция, Словакия.

Бұл топтан Испания құрамасының шығу көрсеткіші жоғары. Енді осы құрамалар жайлы қысқа сипаттап кетсек.

Жетістіктері, үздік ойыншылары, үлкен додалардағы нәтижелері қандай?

Испания. 1920 жылы өздерінің ең алғашқы ойнында Дания құрамасынан 1-0 есебімен басым түсті. Ең ірі жеңісі 1933 жылы Болгария құрамасымен ойнында тіркелді. Есеп 13-0. Ал өздері 1928, 1931 жылдары ірі есеппен ұтылды. Алғашқысы Италияға 7-1, келесісінде Англияға 7-1 есептерімен жол берді.

Испандықтар 14 әлем чемпионатына қатыстып, 2010 жылғысын ұтты. Еуропалық бәсекеде 10 рет бақ сынап, үш мәрте чемпиондар тұғырынан көрінді. (1964, 2008, 2012)

Польша.

1921 жыл Венгрия - Польша 1-0. Бұл ең алғашқы ойындары еді. Ал поляктар Сан-Марино құрамасын 2009 жылы жауапсыз 10 голмен жеңді. Ең үлкен жеңістері осы. 1948 жылы Даниядан ойсырай ұтылды. Нәтиже 8-0.

Польша құрамасы әлемдік доп додасына 7 мәрте қатысты. 1974 және 1982 жылы үшінші тұғырдан көрінді. Еуро бәсекелерінде осыған дейін 3 рет бақ сынады. Бірақ, жүлделі орындар көріне алмады.

Швеция. 1908 жылы Норвегия құрамасын 11-3 есебімен ұтып, ең алғашқы ойындарын тіркеді. Латвия, Кореямен болған ойындар ең ірі жеңістері болып тіркелді. Екі құраманы да 12-0 есебімен жеңді. Ол 1927, 1948 жылдар еді. Ең үлкен есеппен ұтылған ойыны 1908 жылы Ұлыбританиядан 12-1 есебі.

Шведтер әлем чемпионатына 12 мәрте қатысты. 1958 жылғысында финалда сүрінді. Осы ең жоғарғы көрсеткіштері. 6 мәрте еуропалық басты ала доп сынын да бақ сынайтын болады. Жетістіктері 1992 жылы жартылай финалға жетіп жығылды.

Словакия. Бұл ел тәуелсіз Словакия ретінде алғаш ойындарын 1994 жылы БАӘ қарсы өткізіп, 1-0 қылып жеңді.

Ең ірі жеңістері:

Словакия - Лихтенштейн 7-0, 2004 жыл.

Словакия - Сан-Марино 7-0, 2007 жыл.

Словакия - Сан-Марино 7-0, 2009 жыл.

Ал, ірі жеңілісі 1995 жыл, 2017 жыл тіркелді.

Аргентина - Словакия 6-0,

Швеция - Словакия 6-0.

Әлем чемпионатында бір мәрте ғана бой көрсетті.(2010)

Биыл еуропа чемпионатына екінші мәрте қатысқалы отыр.

Осы құрамалардың үздік көрсеткіш иегерлері:

Испания құрамасында ең көп ойын өткізген ойыншы Серхио Рамос. Еншісінде 180 ойын. Бірақ, бұл додаға шақырту алмады.

Давид Вилья, үздік сұрмергені. Ұлттық құрамада жүріп қанжығасын 59 голмен майлаған.