Еуро-2020 қарсаңында: Италия құрамасына шолу

12.05.2021, 14:03
Италия құрамасы бұл турнирге еш қиындықсыз жолдама алды
Еуро-2020 қарсаңында: Италия құрамасына шолу

Бүгін Италия ұлттық құрамасы туралы сөз қозғамақпыз. Иә, бұл футбол әлеміндегі алпауыт құрамалардың бірі. 

Италия Еуро-2020 додасының шымылдығын Түркия құрамасымен ашатыны белгілі. 

Бұл құраманың тарихы тереңнен бастау алады. 

Ең алғашқы ойынды 1910 жылы Францияға қарсы өткізіп 6-2 есебімен жеңіскен жеткен. 

1905 жылы ФИФА-ға мүше болып, осы турнирдің кубогін 4 мәрте бастарынан асыра көтерді. Ол 1934, 1938, 1982 және 2006 жылдары еді. Сондай-ақ Әлем чемпионатына қатысып құр қайтпайтын құраманың қоржынында 1970 және 1994 жылдардағы күміс медаль мен 1990 жылғы қола медальдар да бар.

Ал, еуропалық футбол одағына 1954 жылдан бастап мүшелік еткен. Италия 1968 жылғы Еуропа додасының чемпиондары. 2000, 2012 жылы қолаға қол созды. 

Бұдан бөлек, 1936 жылғы Олимпиада жеңімпаздары, 1928, 2004 жылдары осы турнирдің қола жүлдесін қоржындарына салды. 2013 жылы Конфедерациялар кубогында қоламен марапатталды.

Италия құрамасының ең ірі жеңісі 9-0. Бұл есепті 1948 жылы АҚШ-қа қарсы ойында тіркеді. Әрине, ойсырай ұтылған кезі де болды. 1924 жылы Мажарстан (Венгрия) құрамасына 1-7 есебімен жол берді. 

Джанлуиджи Буффон. Бұл әлемдегі ең үздік қақпашы, сондай-ақ Италия құрамасында ең көп ойын өткізген ойыншы. Ол құрама сапында жасыл алаңға 176 мәрте шыққан. 

9k=


Джиджи Рива ең үздік сұрмергендері. Еншісінде 35 гол.

9k=


Еуро-2020 додасына іріктеуді максималды нәтижемен жүріп өтті. Өздерінде бар 10 ойынның барлығын жеңді. Голдар айырмасы 37-4.

Италияндық ұжым Финляндия, Армения, Грекия, Босния және Герцеговина және Лихтенштейн секілді ұжымдармен жолдаманы сарапқа салды. Нәтижесі жоғарыдағыдай.

Осы жылғы Еуро-2020 аламанына құраманы Роберто Манчини (шабуылшы) алып келеді. 2018 жылдан бері Италияның басты командасының тізгінінде.

9k=


Еуро-2020 бәсекесінде А тобында Швейцария, Түркия, Уэльс құрамаларымен келесі кезең жолдамасын сарапқа салады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×