Еуро-2020 қарсаңында: Швейцария құрамасына шолу

13.05.2021, 23:07
Швейцария құрамасында белді клубтардың намысын қорғап жүрген футболшылар жетерлік.
Еуро-2020 қарсаңында: Швейцария құрамасына шолу

Швейцария. Бүкіл әлемге сенімді банктерімен танымал бұл елдің футболы қандай? Жазда өтетін Еуропа чемпионатына дайындығы қалай? Еуро-2020 қарсаңында осы құраманың аяқ алысы қалай болуы мүмкін? Міне, осы жайттардың жәй-жапсарын сөзбен жатқызып, құраманың тынысымен танысамыз.

Ғасырдан аса футбол тарихы бар Швейцария футболы салыстырмалы түрде алып қарасақ, нашар деп айтуға келмейді.

Тұсаукесер ойындарын 1905 жылы қазіргі әлем чемпиондары Франция құрамасымен өткізіп, 0:1 есебімен жол берді.

Қазіргі кезде кез-келген құрама санасатын швейцариялықтардың ең жарқын жеңісі Сан-Мариноға қарсы ойында тіркелді. Осы құраманы 7:0 есебімен тас-талқан етіп ұтқан Швейцарияның бұл көрсеткіші қазіргі күнге дейін қаймағы бұзылмай сақталып келеді.

Бұл құраманың ойсырай ұтылған тұсы 1905 және 1911 жылдары болды. Алғаш ағылшындардан 0:9 есебімен оңбай ұтылса, дәл осы нәтиже Мажарстан құрамасымен болған ойында да қайталанды.

Швейцария құрамасы Әлем чемпионатына 11 мәрте қатысқан. Ең үздік көрсеткіштері 1934, 1938, 1954 жылдары тіркелді, ол 1/4 кезең. Осы уақыттар аралығында бұл құрама 1/8 финалдан ары аса алмаған. Тиісінше соңғы әлем чемпионатында да 1/8 финалға барып тоқтады.

Ал, биылғы қатысқалы отырған Еуропа додасының тұрақты қатысушысы деп айтуға келмейді. 15 чемпионаттың төртеуінде ғана өнер көрсете алды. Соңғысында топтан шыға алғанымен, 1/8 финалда Польша құрамасына 1:2 есебімен жол беріп, жарысты аяқтады.

Бұл құрамада Еуропаның белді клубтарында өнер көрсететін ойыншылар аз емес. Олар: Янн Зоммер ("Боруссия Мёнхенгладбах"), Роман Бюрки ("Боруссия Дортмунд"), Нико Эльведи ("Боруссия Мёнхенгладбах"), Мануэль Аканджи ("Боруссия Дортмунд"), Ремо Фройлер ("Аталанта"), Гранит Джака ("Арсенал"), Джердан Шакири ("Ливерпуль"), Харис Сеферович ("Бенфика") т.б.

2Q==


Хайнц Херманн. 1978-1991 жылдары құрамада өнер көрсетті. 118 матч. Бұл Хайнц Херманның Швейцария құрамасы сапында қатысқан ойындар саны. Иә, бұл көрсеткіш швейцариялық ойыншылар арасындағы ең үздік, яғни, ең көп ойын болып саналады.

9k=


Александр Фрай. Бұл ұлттық құраманың үздік сұрмергені. 2001-2011 жылдары ұлттық құрама намысын қорғап, қарсыластар қақпасын 42 мәрте дәл көздеген.

9k=


Еуро-2020 бәсекесіне іріктеу кезеңінде Д тобында көш бастап сенімді аяқ басты. Дания, Ирландия, Грузия, Гибралтар құрамаларымен бір топта жолдама үшін тартысты. Топтағы 8 ойынның 5 жеңіп, 1 ойында жеңіліс тапқан құрама екі ойында бір-бір ұпайдан еншіледі. Голдар айырмасы - 19:6.

Владимир Петкович баптайтын құрама кешігіп жеткен Еуро-2020 турнирінде А тобында Италия, Түркия, Уэльс секілді азулы қарсыластармен 1/8 финалдың жолдамасын сарапқа салатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×