Финляндия құрамасының Қазақстанмен болатын ойынға арналған құрамы жарияланды

25.08.2021, 18:46
Финляндия мен Қазақстан құрамалары арасындағы матч 4 қыркүйекте Хельсинкиде өтеді
Финляндия құрамасының Қазақстанмен болатын ойынға арналған құрамы жарияланды

Финляндия құрамасы Қазақстан мен Францияға қарсы өтетін 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына арналған құрамын жариялады, деп хабарлайды Финляндия футбол қауымдастығы.

Қақпашылар: Лукас Градецки («Байер», Германия), Джесси Йоронен («Брешиа», Италия);

Қорғаушылар: Йокка Тойвио («Хеккен», Швеция), Лео Вайсанен («Эльфсборг», Швеция), Паулюс Аражуури («Анортосис», Греция), Дэниэл О'Шонесси (ХИК, Финляндия), Роберт Иванов («Варта», Польша), Йере Уронен («Брест», Франция), Юкка Райтала («Миннесота Юнайтед», АҚШ), Николай Алхо (МТК, Венгрия)

Жартылай қорғаушылар: Николас Хямяляйнен («Лос-Анджелес Гэлакси», АҚШ), Пюрю Сойр («Эсбьерг», Дания), Глен Камара («Рейнджерс», Шотландия), Онни Валакари («Пафос», Кипр), Расмус Шуллер («Юргорден», Швеция), Роберт Тейлор («Бранн», Норвегия), Тим Спарв (ХИК, Финляндия), Каан Кайринен («Лиллестрём», Норвегия), Урхо Ниссиля (КуПС, Финляндия), Ясин-Амин Ассехнун («Эммен», Нидерланды), Фредрик Йенсен («Аугсбург», Германия);

Шабуылшылар: Сантери Хостикка (ХИК, Финляндия), Йоэль Похьянпало («Байер 04», Германия), Маркус Форсс («Брентфорд», Англия), Теему Пукки («Норвич Сити», Англия).

Айта кетейік, Финляндия мен Қазақстан құрамалары арасындағы матч 4 қыркүйекте Хельсинкиде өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады. Финляндия құрамасы Қазақстанмен болатын матч алдында Уэльс құрамасымен жолдастық ойын өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×