Исламхан Исландия мен Ресейге қарсы ойындар туралы

27.03.2015, 01:55
Исламхан Исландия мен Ресейге қарсы ойындар туралы
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан алдағы Исландияға және Ресейге қарсы матчтар туралы өз ойымен бөлісті. «Исландия – мықты құрамалардың бірі. Тобымызда Голландия мен Түркия құрамасын жеңген. Бұған дейін Исландия жастар құрамасымен ойнағанмын, ол кезде біз оларды 3:2 есебімен ұтқан болатынбыз. Алдағы ойында сол жетістікті қайталаймыз деген ойдамын.» «Ресей футболының деңгейі өте жоғары. Онда ойнайтын барлық командалар мықты. Алдағы, жолдастық матч біз үшін пайдалы болмақ, ал бас бапкеріміз Юрий Анатольевич Красножан командаға үміткер ойыншыларды байқап көрмек». Естеріңізге сала кетсек, 28 наурызда Қазақстан құрамасы ЕУРО-2016 іріктеу кезеңі аясында Исландия құрамасымен кездессе, араға үш күн сатып Ресеймен жолдастық кездесу өткізеді.

Есет Төлеш

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×