Карим Мостафа Бензема оралды

20.05.2021 03:07

Франция ұлттық құрамасы, Карим Бенземаны қатарға қосты.

Карим Мостафа Бензема оралды

Карим Бензема.

1987 жылғы 33 жасар "корольдік" клубтың шабуылшысы. Франция құрамасы бұл ойыншыны Еуро-2020 дайындық барысына, жаттығу жиындарына шақырту алған ойыншылар қатарына қосты. Әрине, бірнеше жыл қатарынан үздік ойын көрсетіп жүрген ойыншыны құрамаға шақырту керек деген сөздер көптеп айтылды. Дегенмен, бұл сәт Карим үшін осы жылы туды.

2015 жылы Матьё Вальбуэнамен болған даулы оқиғадан кейін шабуылшы ұлттық құиамадан шеттетілген. Осының себеп-салдарынан 2018 жылы Францияның футбол федерациясы Карим Бенземаны ұлттық құрамаға ешқашан шақырмаймыз деп шешім қабылдады.

Ойыншы 2007 жылдан 2015 жылға дейін басты командада француздар үшін 81 ойынға қатысып 27 голымен көзге түскен.

2Q==

Бензема Франция ұлттық құрамасына шақыртылғаннан кейін, бас бапкер Дидье Дешам былай мәлімдеді:

"Бенземаға келетін болсақ, біз өткенге оралып, бір нәрсені өзгерте алмаймыз. Ең бастысы - бүгіні мен ертеңі. Маңызды қадамдар жасалды, біз Кариммен кездестік, ұзақ сөйлестік, мен бұл шешімге келмес бұрын ұзақ ойландым. Біз сізге не туралы сөйлескенімізді айтпаяқ қояйын. Бұл кездесу екеумізге де керек болды. Мен бұған дейін де қиын жағдайларға тап болдым және әрқашан жеке қызығушылықты елемейтінмін. Себебі, Франция құрамасы маған тиесілі емес".

2Q==

Өз кезегінде Каримде алғысын жеткізді:

"Мен Франция құрамасына қайта оралғаныма және олардың маған сенім артқандарына ризамын. Отбасыма, достарыма, клубыма және маған әрдайым қолдау көрсетіп, маған күн сайын күш бергендердің барлығына рахмет".

2Q==

Бұл жаңалыққа қарсы болғандардан қарағанда, қуанған француз жанкүйерлері көп. Карим Бенземаға алдағы уақытта ұлттық құрамада сәттілік тілейміз.


0 пікір