Қарсыластың сол қапталы мықты ойнады

08.06.2024, 16:14

Кешегі Армения - Қазақстан жолдастық кездесуінен кейін орталық қорғаушы Нұралы Әліп "Аладоп.кз" сайтына арнайы сұхбат берді. Қазақстан құрамасы мен "Зениттің" футболшысы қарсыластың күші мен матч жайлы ойын ортаға салды

Қарсыластың сол қапталы мықты ойнады
Армения - Қазақстан жолдастық кездесуі

"Ең алдымен бізге қолдау білдіруге келген 15 жанкүйерге рахмет айтамын! Ойынға келер болсақ, Тахирович (Руслан Балтиев) берген тапсырманы орындай алмадық толық. Матчтың басында 15-20 минут қарсыластың арынына шыдау керек деген, біз өкіншке қарай сол 4-минутта гол жіберіп алдық. Саня өз қақпасына абайламай салып алды. Содан кейін бірінші таймда бізде 3 мүмкіндік болды. Циклда керісінше бізде бір момент - бір гол салатын едік. Ал қазір 3 момент бірақ гол сала алмай жатырмыз. Екінші таймда моменттер болды, иә, бірақ кірмейтін доп, кірмейді екен, өкінішке қарай. Ештеңе жоқ, алда әлі Әзербайжан бар. Жалпы, ерте кірген голдар психологиялық тұрғыда ауыр тиеді. Егер есеп 0:0 болғанда, ана үш моменттің біреуін салар едік. Өзім соған сенімді болдым. Кім бірінші гол салады дейтін ойындар болады өзі. Бұл дәл сондай ойын болды. Қарсыластың сол қапталы мықты ойнады. Сперцян мен Тикнизян - біреуі "Краснодар", біреуі  "Локомотивтің" ойыншылары. Енді екеуі де өз клубтарының лидерлері десе болады ғой. Бүгін бір емес, үш пас берді бірге бір - разрезающий пас. Ең бірінші моментте салып кетті гол, одан кейін екі момент болды. Сол қапталмен ойнау өздерінің тактикасы болған. Бізде план - Балтиевтің тапсырмасы алаң ортасындағы ойыншыларға кеңістік бермеу болатын. Бірақ өкінішке қарай, оны орындай алмадық. Үш пас өтті ғой, сол голды жіберген соң біз кішкене көтеріліп, ойын тұрақталды",- деді Нұралы Әліп. 

Айта кетейік, Ереванда өткен ойында алаң иелері 2-1 есебімен басым түскен еді. Арменияның бір голы автогол: кездесудің төртінші минутында Александр Марочкин Игорь Шатскийдің қақпасына абайсызда доп кіргізіп алды. Екінші таймда Александр Петраковтың шәкірттері есепті еселеді. Қазақстан тек ойынның негізгі уақытына қосылған қосымша минуттардың соңғы секундында жауап қатты. Бауыржан Исламхан пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Енді 11-маусымда Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізбек. Бұл бәсеке Мажарстанның Сомбатхей қаласында болады.

Естеріңізде болса, маусымдағы екі кездесуге команданы уақытша бас бапкер міндетін атқарушы Руслан Балтиев бастап шығады. Станислав Черчесов өз қызметіне күзде - қыркүйекте кіріседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×