Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2025 турнирі іріктеуінде Мальтаны сенімді түрде жеңді

05.09.2024, 20:15

Ел құрамасы Еуро іріктеуінің В-тобындағы кезекті кездесуін өткізді.

Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2025 турнирі іріктеуінде Мальтаны сенімді түрде жеңді

"Қайраттың" академиясында өткен кездесуде Қазақстан сапынан Иван Свиридов 2х, Айбар Абдулла және Әділбек Жұмаханов (пенальти) гол соқты. Қонақ команда болса, Андреа Заммиттің көмегімен жұбаныш голын тіркеді. Қорытынды есеп: 4:1 Қазақстан пайдасына.

Қазақстан құрамасы: Темірлан Анарбеков (қақпашы), қорғаушылар: Дамир Қасаболат, Александр Широбоков, Әділбек Жұмаханов, Мейрамбек Қалмырза, жартылай қорғаушылар: Ерсұлтан Қалдыбеков, Абылайхан Назымханов, Ален Айманов, Айбар Абдулла, Ғалымжан Кенжебек, шабуылшы: Иван Свиридов.

Айта кетейік, 10 қыркүйек күні Горовенко шәкірттері Бельгиямен бақ сынасады. 7-турдың қорытындысы бойынша ел құрамасы 6 ұпаймен турнирлік кестеде 5 орында келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×