“Шахтер” командасы жаңа маусымға дайындықты Түркияда пысықтап жатыр.
9 қаңтардан бері курортты мемлекетте жаттығу жүргізіп жатқан команда бүгін “Будапешт Гонвед” командасымен бірінші жолдастық ойынын өткізеді.
Венгрияның 14-дүркін чемпионына қарсы кездесу Белектегі Ekodizay Futbol Centr алаңшасында сағат 18:00-де өз бастауын алады деп жоспарланған.
Еске салсақ, команда Түркияға аттанбастан бұрын 11 желтоқсаннан 24 желтоқсанға дейін Шымкенттің БИІК базасында шет командалардан келген ойыншыларды іріктеді. Аталған жиында көбінде “Шахтердің” жастар командасының өкілдері жаттығу жұмыстарын жүргізді.