Клоп пен Пептің соңғы бәсекесі ме?

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
10.03.2024, 17:46

"Ливерпуль" мен "Ман Ситидің" матчтары соңғы жылдағы АПЛ-дің ажары! Ал қос клубтың бапкерлерінің дуэлі тіптен қызық. Юрген Клоп пен Хосеп Гвардиоланың теке-тіресі жеке бір материалға жүк екені анық. Себебі, бапкерлердің бәсекелестігі АПЛ-ге дейін ақ басталып кеткен еді.

Клоп пен Пептің соңғы бәсекесі ме?

Бундеслигадан басталған бәсекелестік

Естеріңізде болса, Клоп пен Пептің жолы Бундеслигада да түйіскен. Ол кезде қос бапкердің командалары өзара сегіз рет кездесіпті. Екеуі де төрт реттен жеңіске жеткен. Клоп пен Гвардиола бір ауыздан келісіп алғандай бапкерлік бәсекесін АПЛ-де жалғастырды. Тұманды Альбионға бірінші табан тіреген неміс маманы (2015-тің қазаны) болатын. Оныншы орында ілбіген "Ливерпульді" "құтқару" үшін келген Клоп өзімен бірге тың серпін әкелгендей әсер қалдырған. Мерсисайдтық клубтың осыдан кейінгі тарихын өздеріңіз де жақсы білесіздер. Жарты жылдан кейін ағылшын премьер-лигасына Хосеп Гвардиола да ауысты. Ол кезде Испаниялық бапкер келмей тұрып-ақ "қалалықтар" дүрілдеп тұрған. Десе де, АПЛ-ді екі рет ұтқан клубтың көксегені Чемпиондар лигасының кубогі болатын. Хосеп Гвардиоланы шақыртудағы басты мақсат та осы еді. 

АПЛ-дегі алғашқы қадамдар

Юрген Клопп 2015-2016 жылғы маусымда "Ливерпульді" ортаңқол деңгейден еурокубок жарыстарына қатыса алатын команда дәрежесіне көтерді. Дәл осы жылдың мамырында Мерсисайдтық команда Еуропа лигасының финалына дейін жетіп, тек осы жарыстың "қожайыны" болған "Севильяға" есе жіберген еді. 

Ал Гвардиоланың Англиядағы алғашқы жылы Клоптікіндей сәтті бола қойған жоқ. "Манчестер Ситимен"  АПЛ-де тек үшін орын алды. Айтпақшы, осы 2016 жыл Пептің бапкерлік мансабындағы жалғыз жүлдесіз маусым. Жалпы, сол жылы Гвардиоланың клубы бірде-бір трофей ала алмапты.

Қос бапкер келгелі АПЛ-дің көркі қыза түскендей. Юрген Клопп "Ливерпульге" талай жылдан арман болған чемпиондық титулды әперсе, Хосеп Гвардиола "Манчестер Ситиге" біраз күттіріп барып ЧЛ кубогін сыйлады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×