ҚПЛ-де ойнаған үздік 5 легионер

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
09.03.2024, 19:04

НИЛТОН МЕНДЕС

Қазақстанда ойнаған легионер десе сіздің де көз алдыңызға алдымен осы футболшы елестей ме? Бразилияда бағаланбай, Қазақстаннан екінші үй тапқан "қара маржан" Максимка-Нилтон Мендес. Қазақстан чемпионатында ойнаған шетелдіктердің ішінде алғаш болып 100 гол салған да осы бразилиялық болатын. Мендес ҚПЛ-ге келген 1999 жылы "Ертісті" өрге сүйреп, 20-дан астам гол соғып тастаған. Мендестің сұрапыл ойынының арқасында Павлодарлық клуб сол маусымда чемпионатты ұтып, АФК Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетті. Құдай аузына салғандай, Максимка мансабын Қазақстанда аяқтайтынын үнемі айтып жүретін еді. Өкінішке қарай, 2006 жылдың қыркүйегінде "Ертіс"," Жеңіс", "Шахтердің" намысын қорғаған шабуылшының дәл ойын барысында соңғы демі үзілді. ҚПЛ-дегі үздік легионерлердің тізіміндегі бірінші орынды Нилтон Мендеске немесе жай ғана Максимкаға беруді жөн санадық. 

ҚПЛ-де ойнаған үздік 5 легионер

НЕМАНЬЯ МАКСИМОВИЧ

ЧЛ-ның топтық кезеңінде өнер көрсеткен тұңғыш Қазақстандық клуб-Астананы еуропадағы бәсі жоғары турнирдің финалдық кезеңіне шығарған голдың авторы. Жалпы, Неманья Максимович ҚПЛ-дегі ең сәтті трансфер. Талантты жартылай қорғаушы "Домжалеге" төлеген 500 мың еуроны артығымен ақтады. Максимовичтің Станимир Стойловтың әйгілі "Астанасының" жүрегіне айналып, командасы үшін өте маңызды голдарды соққанына куәміз. Никосиядағы тарихи добынан бөлек, 2015-2016 жылы Еуропа лигасының плей-офында "Батэге" салған голы да әлі жанкүйер жадында. Көбіне-көп осы Максимовичтің дәл соққысы қазақстандық команданы Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығарған еді. "Валенсияға" тегін кеткені болмаса, Неманья Максимович есімінің Отандық футбол тарихында сақталып қалары анық. 

ПАТРИК ТВУМАСИ 

Ганалық футболшыны осы тізімге қосатын бірнеше себеп бар. Ганалық футболшыны "Алавеске" 2018 жылы сатқан "Астананың" бюджетіне 3 млн еуроға байыды. Бұл трансфер сол кездің рекорды болды. Ганалық шабуылшы "Астана" сапында өткізген үш маусымда 50 ден аса гол соғып, клубтың үздік сұрмергендерінің қатарына қосылды. Африкалықтың астаналық жанкүйерлер есінде, әсіресе, ЧЛ мен Еуропа лигасындағы ерекше өнерімен, әдемі голдарымен қалатыны анық. 

АНДРЕЙ АРШАВИН 

Ардагер Қазақстан чемпионатына келе салған 2016-шы жылы "Қайраттың" күміс жүлде алуына үлкен үлес қосты. Журналистер таңдауы бойынша Аршавин дәл сол маусымда ҚПЛ-дің үздік футболшысы атанған. Сондай-ақ, Андрей Аршавиннің "Тараздың" қақпасына салған добы маусымдағы үздік гол деп танылған болатын. Ресейлік футболшы өнер көрсеткен екі жылда "Қайраттың" матчтарына деген қызығушылықтың әлдеқайда артқанын айтқанымыз жөн. 

АНАТОЛИЙ ТИМОЩУК

Чемпиондар лигасының жеңімпазы "Қайрат" сапында көп уақыт өткізген жоқ. Десе де, Украиналық жартылай қорғаушының өнері, алаңдағы кәсібилігі  ҚПЛ жанкүйерлерінің есінде қалғаны даусыз. Жалпы, Тимощукті  Қазақстан чемпионатында өнер көрсеткен ең танымал легионер десек ешкім таласа қоймас. "Бавариямен" клубтық деңгейде бүкіл жетістікке жеткен футболшы "Аладоптың" үздік бестігіне лайық! 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×