Криштиану Роналду мансабын басқа командада жалғастырғысы келеді

25.08.2021, 15:24
Футболшының агенті «Манчестер Ситимен» байланысқа шықты.
Криштиану Роналду мансабын басқа командада жалғастырғысы келеді

"Ювентус" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің болашағы үшін жаңа мүмкіндіктерді іздегісі келеді. Бұл туралы италиялық журналист Фабрицио Романо мәлімдеді.

Оның ақпаратына сүйенсек, "Пари Сен-Жермен" қазіргі уақытта Криштиану Роналдудың трансфері бойынша жұмыс жасап жатқан жоқ.

Хорхе Мендеш қазір өз ойыншысын "Манчестер Ситиге" ұсынуда, өйткені "Тоттенхэм" әлі күнге дейін "қалалықтардың" Гарри Кейнге жасаған ұсыныстарын қабылдамады.

"Ювентус" Роналду үшін 25 миллион еуро алғысы келеді, себебі оның келісім-шарты 2022 жылдың жазында аяқталады. Ал "Манчечтер Сити" Роналду үшін ақша төлегісі келмейді. Англиялық клуб тек Гарри Кейнді алу үшін жұмыс жасауда.

"Ювентус" басшылығы Криштиану Роналду командада қалады деп сенеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×