КУМАН ЖАСТАРДЫҢ ЖОЛЫН АШУДА

17.11.2020, 02:18
Рональд Куман соңғы он жылдағы ең жас құрамды жасақтады.
КУМАН ЖАСТАРДЫҢ ЖОЛЫН АШУДА

Mundo Deportivo мәлімдеуінше, «Барселонаның» қазіргі құрамы соңғы он жылдағы ең жас құрам екен. 

Рональд Куманның келуі командадағы «ақсақалдардың» кетіп, жастардың көбеюіне септігін тигізді. Қазіргі құрамның орта жасы 25,33-ті құрайды. Өткен маусымдағы құрамның орта жасы 26,28 болыпты. 

Негізгі командаға кіретін 24 ойыншының тең жартысының жасы 25-тен аспайды: Ленгле (25), Фирпо (24), Де Йонг (23), Дембеле (23), Аленья (22), Матеус Фернандес (22), Араухо (21), Рики Пуч (21), Тринкао (20), Дест (20), Ансу Фати (18) және Педри (17).

Алдыңғы он маусым бойы құрамның орта жасы 26-дан төмен түспеген екен:

Маусым   Орта жасы

2011/12 – 26,71 

2012/13 – 26,50

2013/14 – 26,16

2014/15 – 26,39 

2015/16 – 26,87 

2016/17 – 26,31

2017/18 – 26,66 

2018/19 – 26,04 

2019/20 – 26,28

2020/21 – 25,33

Марғұлан ЖАҚЫП

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×