ЛА ЛИГА 2019/2020

20.07.2020, 19:14
Ла Лига 2019-2020 маусымының қортындылары
ЛА ЛИГА 2019/2020

Испания чемпионаты аяқталды. Ла Лиганың чемпиондары "Реал Мадрид" маусымды 87 ұпаймен аяқтады. Ал екінші орындағы "Каталониялықтар" 82 ұпай еншіледі. Қола жүлдені қаншығасына байлаған "Атлетико" , төртінші орындағы "Севильямен" ұпай теңестіріп тұрғанымен қосымша нәтижелер бойынша алдыңғы орныды иеленді. Осылайша Лопетегидің "Севильясы" Чемпиондар Лигасының 4 жолдамасының бірін жеңіп алды.

Касорланы төбелеріне көтерген "Вильярреал" Еуропа Лигасын топтық кезеңнен бастайтын болады. Дәл солай "Реал Сосьедадта" Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Ал жетінші орынға жайғасқан "Гранада" Еуропа Лигасын іріктеу квалификациясы арқылы бастайтын болады.

Еуро Лигаға қатысу жолдамасына талас тартыс лиганың соңғы турына дейін қызуын жоғалтпады. Хетафе мен Валенсия кешегі матчтарында жеңіліс тауып Еуро маусымнан тыс қалды.

Ал осы маусым қорытндысы бойынша ең аз ұпай жинаған Эспаньол, Леганес, Мальорка командалары Сегундаға түсіп қалды.

Тиісінше, Сегундадан тікелей екі жолдаманы Кадис пен Уэска жеңіп алды. Сегундада соңғы тур ойындары әлі өткен жоқ . Бірақ математикалық түрде бұл екі ұжым Ла Лигаға жолдаманы ұтып алғанымен, соңғы турда Сегунданың чемпионы атағы үшін ойнайтын болады. Ал үшінші жолдама плей-офф бойынша 4 команда арасында ойнатылатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×