Лагербэк: Басты мақсат 3 ұпай

28.03.2015, 00:55
Лагербэк: Басты мақсат 3 ұпай
"Астана Арена" стадионында Қазақстан – Исландия арасындағы матчқа байланысты баспасөз мәслихаты болып өтті. Алдымен сөз алған бас бапкер Ларс Лагербэк Қазақстан құрамасы жайлы толық ақпаратты жинап алғандығын тілге тиек етті. Ларс ЛАГЕРБЭК ИСЛАНДИЯ ҚҰРАМАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ
  • Қазақстан құрамасының соңғы ойындарының барлығын да көріп шықтым. Латвиямен болған ойында жеңіске жетуге шақ қалдыңыздар. Голландиямен болған матчтың бейне қайталауын көрдім. Сенсацияның аз-ақ алдында тұрдыңыздар. Демек, біздің құрамаға да жеңіске жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасау керек.
Исландия құрамасының ойыншылары Астанаға бірнеше күн бұрын келіп алған еді. Бірақ, құрама капитаны екі күн бұрын ұлды болып, командасына кеше түнде ғана келіп қосылған. Арон ГУННАРССОН ИСЛАНДИЯ ҚҰРАМАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ
  • Командаға кеш келсем де, тез үйренісіп алдым. Мұндағы ауа-райы, жалпы футбол ойнайтын алаң команда футболшыларының барлығына да ендігі үйреншікті болып қалыпты. Жігіттер жақсы көңіл күйде.
Баспасөз мәслихаты аяқталысымен Исландия құрамасы ойын алдындағы кезекті жаттығуын бастап кетті. Бұл ойынға Исландиядан 10-шақты журналис келген. Сонымен қатар, Исландия құрамасының атақты ойыншысы Эйдур Гудьонсен де елордада болатын матчқа қатысады. Кезінде ағылшынның «Челси», испанияның «Барселона» секілді командаларында өнер көрсеткен Исландияның аңыз ойыншысы Қазақстан футболы жайлы жылы пікірде екендігін айтты.
  • Қазақстан құрамасына қарсы бірінші рет ойнағалы отырмын. Бірақ, көптеген әріптестерім сіздердің командаларыңызбен ойнау өте ауыр болады деп айтуда. Исландиялық клубтардың еурододаларда Қазақстан ұжымдарынан жеңілгендігінен хабардармын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×