«Ливерпуль» Англия Суперкубогінің иегері атанды

31.07.2022, 14:28
Мерсисайдтықтар «Манчестер Ситиді» еш қиындықсыз жеңді.
«Ливерпуль» Англия Суперкубогінің иегері атанды

Кеше Лестердегі «Кинг Пауэр Стадиум» стадионында «Манчестер Сити» мен «Ливерпуль» клубтары Англия Суперкубогі үшін таласты.

Тартысты өткен кездесу 3:1 есебімен мерсисайдтық команданың пайдасына аяқталды. Матчтың есебін 21-минутта «Ливерпуль» қорғаушысы Трент Александр-Арнольд ашты. Ал 70-минутта «Манчестер Сити» Хулиан Альварестің голының арқасында таразы басын теңестірді. Бірақ 84-минутта «қызылдар» қайтадан алға шықты. Бұл жолы Мохамед Салах пенальтиді сәтті орындады. Матчтың қосымша уақытында «Ливерпуль» шабуылшысы Дарвин Нуньес мергендігімен көзге түсіп, ойынның нүктесін қойды.

«Манчестер Сити» өткен маусымның қорытындысы бойынша Англия чемпионы атанған еді, ал «Ливерпуль» финалда лондондық «Челсиді» жеңіп, Англия кубогін жеңіп алды.

Айта кетейік, Англия Суперкубогінің матчтары жыл сайын Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтетін еді, бірақ биыл футболдан әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық матчына байланысты ойынды Лестерге ауыстыруға тура келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×