«Шахтер» «Жетісуды» еш қиындықсыз жеңді

31.07.2022, 01:54
«Шахтер» «Жетісуды» еш қиындықсыз жеңді

«Шахтер» Қазақстан кубогі топтық кезеңінің төртінші турында «Жетісуды» қабылдады. Матч Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында өтіп, 4:2 есебімен аяқталды.

Ойынның 24-минутында Тоқтар Жаңғылышбай есеп ашқан еді, 37-минутта Нұрберген Нұрбол пенальтиден мүлт кетпей, таразы басын теңестірді. Бес минуттан кейін Мирам Сапанов «Шахтердегі» дебюттік голын соғып, командасын алға шығарды. 54-минутта Еркебұлан Амангелді қайтадан есепті тең қылды. Бірақ 63-минутта Роман Мұртазаев пен 90-минутта Иван Свиридов мергендік танытып, қарағандылық клубқа жеңіс сыйлады.

«Шахтёр» – «Жетісу» – 4:2

«Шахтёр»: Игорь Трофимец (қ) – Джордже Чосич, Александр Позняк, Мирам Сапанов, Темур Мустафин – Роджер Каньяс, Эдин Рустемович, Фархат Мұсабеков, Евгений Кобзарь – Роман Мұртазаев (к), Тоқтар Жаңғылышбай;

«Жетісу»: Андрей Шабанов (қ) – Асхат Балтабеков (к), Михаил Мищенко, Иван Погребняк, Тимур Жакупов – Иван Брикнер, Әліби Тұзақбаев, Равиль Атыханов, Нұрберген Нұрбол – Еркебұлан Амангелді, Сергей Гридин;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×