«Ливерпуль» тарихында мәңгі қалатын жәдігерлер

24.11.2020, 00:00
«Ливерпуль» жаңа базасына 50 жылдан соң ашылатын уақыт капсуласын қойды.
«Ливерпуль» тарихында мәңгі қалатын жәдігерлер

Халықаралық ойындар үзілісі кезінде мерсисайдтық клуб Киркбиде салынған өзінің жаңа жаттығу базасына ауысты. Команданың 70 жыл бойы нағыз үйіне арналған «Мелвуд» тұрғын үй ретінде сатылды. Жаңа базаның ресми ашылу күнінде «Ливерпуль» Киркбидегі жаңа базаның ішіне осы дәуірдің құжаттары мен келер ұрпаққа жолдаулар салынған уақыт капсуласын қойды. Болат қобдиша 50 жылдан кейін, яғни 2070 жылы ашылуы тиіс. Клубтың ютуб-арнасы жарты ғасырдан соң адамдардың мұны ашқанда не көретінін айтып берді.

- Бас бапкер Юрген Клопптың көзілдірігі, Ван Дейктің футболдық аяқ киімі және Алиссонның қақпашыларға арналған қолғабы;

- Мадридтегі Чемпиондар Лигасының жеңісті финалында киген және осы маусымдағы ойын жейделері;

- Жаңа базаның иесі, клубтың ірі серіктесі «АХА» сақтандыру компаниясының төмендегі мәтіндегідей тілектері жазылған жаттығу формасы:

«Жаттығу – табыс кепілі. Ал біз «Ливерпульдің» жаттығулар жөнінен ресми серіктесі болғанымызды мақтан тұтамыз және бірлескен жұмысымызды жаңа деңгейге шығарамыз. Жеңістер мен жетістіктер футбол алаңының сыртынан басталады. Біз сіздерге мол сенім артамыз!»

- Осы жылғы барлық жастағы командалардың (оның ішінде академия да бар) ұжымдық фотосуреттері.

- Клубтың барлық қызметкерлерінің тізімі бар, өйткені олардың клубтың чемпион болу жолында еткен еңбектері елеулі.

- «Челсимен» болған ойынның бағдарламалық кітапшасы. Дәл осы матчта «Ливерпуль» көптен күткен Премьер-лиганың кубогын алған болатын.

- Тарихи жәдігерлер: аңыз адам сэр Кенни Далглиштің қолтаңбасы қойылған фотосуреті және 1969 жылғы Англия Кубогының финалында жанкүйерлер салған әннің жазбасы.

- Жанкүйерлер капсулаға «Spion Kop 1906» шығарылымының шарфын табыстаған, ал «Spirit of Shankly» ұйымы мойынорағышқа белгішелер тағып қойған.

- Лондон архитектура бюросы ұсынған Киркбидегі базаның сызбасы (жоспары).

- Жақын орналасқан мектеп оқушылары салған суреттер.

- «Хилсборо» оқиғасының құрбандары туралы ескерткіштер.

- «Мелвудтағы» база құрылғаннан жабылғанға дейінгі өмірді баяндайтын суретті кітап.   

- «Ливерпуль – бұл әйелдердің де футбол ойнайтын жері. Капсулаға әйелдер командасының «Энфилдтегі» алғашқы ойынының бағдарламалық кітапшасы салынды. Команданың бас бапкері Вики Джонсон болашақ нәзік жанды футболшыларға хат жазып қалдырды.

- Клуб иелерінің бірі «Fenway Sports Group» компаниясының да хаты бар. Сонымен қатар «Ливерпуль» жетістіктеріне мұрындық болып жүрген, сұхбатты өте сирек беретін клубтың спорттық директоры Майкл Эдвардстың видео-мәімдемесі бар, оның табысқа жету жолын біз тек 50 жылдан соң ғана білетін боламыз.  

- Капсулада клуб аңыздары Далглиш, Джон Олдридж ен Иан Раштың бейнежазбалары да бар. Капсула ашылғанда Трент Александр Арнольдтың жасы бұлардың қазіргі жасынан да үлкен болады.

- Команда капитаны Джордан Хендерсон, академия басшысы Алекс Инглторп және атақты бапкер Юрген Клопптың өзінен хабарламалар болады. Бейнежазбада айтқан бас бапкердің сөздерінен үзінді келтірсек:

«2020 жыл ерекше жыл болды, біз АПЛ-ды жеңдік. Бұл ғажап бір сәт болды. Меніңше, сіздер капсуланы ашқан кезге дейін тағы бірнеше кубок қосылатын болар. Бірақ бір нәрсе мәңгілік - «You’ll never walk alone».   

Материал «Sports.ru» сайтынан аударылды.

9k=


Z


2Q==


9k=


Z


2Q==


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×