Менің пірім - Роналду

14.05.2020, 23:44
Жебедей зулаған Мбаппе туралы.
Менің пірім - Роналду

21 ғасырдың бітпес даулары, екі таңдау арасындағы сауалнамалары өте көп. Мәселен Nike - Adidas, BMW – Mersedes, Iphone - Andriod. Айта берсек жетерлік. Ал ала доп әлеміндегі пікірсайысты сіз бен біз де жақсы біліп тұрмыз. Аргентиналық Лионель Месси мен португалдық Криштиану Роналду.

Екі ойыншының арасындағы теке тіресі жалғасып келе жатқалы он жылдан асты. Қос ойыншы 11 Алтын Доптың иегері.

Он жылдан астам бізге фантастик ойын көрсетіп, жанкүйерлеріне эмоция сыйлап жүрген ойыншылардың дәуірі аяқталуға жақын. Роналду 35 жасқа толса, Месси осы жазда 33-ке толады.

Ендігі айта кететін жайт осындай көрермендерін шаттыққа бөлейтін келесі ойыншы кім болмақ дегенде ойымызға бірден Килиан Мбаппе түседі.

Фарнцуз дәл қазір трансфер терезесіндегі ең қымбат ойыншы. Төрт мәрте Франция біріншілігінің жүлдесін ұтып алды. Алғашын «Монако» сапында жүріп ұтса, қалған үшеуін париждік «ПСЖ-мен» бірге қол жеткізді. Ал ең бастысы Месси мен Роналдудың қол жеткізбеген жүлдесі – Әлем Чемпионатын да жеңіп үлгерді. Қос ойыншының жас кезінде қойып кеткен рекордтарын жаңартты.

Назарларыңызға Твиттер желісіндегі актуалды тақырыпты қозғамақпыз. Килианға зер салсақ Роналдуды үлгі тұтатыны сонша, тіпті португалдықтың голдарында қайталайтын көрінеді.






Көп жанкүйерлер үшін бұл аса таң қалатын жағдай емес. Себебі жас шабуылшы бала күнінен Роналдуды пір тұтып, оған ұқсағысы келетінін айтқан. Тіпті өзінің жатын бөлмесін Роналдудың бейнесі бейнеленген суреттер мен безендіріп, оны көру үшін Мадридке де аттанған болатын.



Мбаппенің болашақта ең үздік ойыншылардың бірден бірегейі боларына Роналду да өз ойын білдіріп оған қолдау көрсеткен болатын: «Мбаппе футболдың бүгіні мен ертеңінің көрінісі. Ол фантастик әрі жылдам. Мбаппенің болашағы жарқын боларына сенемін» - деді Марка басылымына берген сұқбатында.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Феликстың арманы
Серіктес жаңалықтары
×