Месси үшін талас тартыста «Манчестер Сити» «ПСЖ» -дан біршама алдыға шықты

17.12.2020, 03:16
Жазда аргентиналық футболшы клубтан кетуі бара-бара шындыққа айналуда.
Месси үшін талас тартыста «Манчестер Сити» «ПСЖ» -дан біршама алдыға шықты


«Манчестер Сити» клубы Лионель Месси үшін күресте «Пари Сен-Жерменге» қарсы күресте жеңіске жететініне күмін келтірмейді- деп хабарлайды Eurosport басылымы.

Ағылшындықтар Барселонада Мессимен бірге жұмыс жасаған Хосеп Гвардиоламен жақсы қарым-қатынаста екендігін жар салып айтуда, және алдағы уақытты Гвардиола Мессиді Манчестер қаласына көшуге келістіреді.

 Жазғы маусымаралық кезеңде аргентиналық аяқдопшы Каталондық клубтан кеткісі келетінін жасырмайды. Қазіргі сәтте тараптар келісімшартты үзу туралы келісе алмады. Маусым соңында Месси кетуге тағы да бір әрекет жасайды деп күтілуде.

 Футболшының басты үміткерлері «Манчестер Сити» мен «ПСЖ» болып саналады.

 Лео клубтағы қиын кезеңдерге байланысты командадан кеткісі келеді. Өткен маусымда Испандық гранд бірде-бір трофей жеңіп алған жоқ еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×