«Милан» Ибрагимовичпен келісімге келе алмай жатыр

18.08.2020, 20:22
Златан миландық ұжыммен саудаласуда
«Милан» Ибрагимовичпен келісімге келе алмай жатыр

"Милан" мен Златан Ибрагимович жаңа келісім-шарт жөнінде бір тоқталымға келе алмай жатыр, деп хабарлайды Gazzetta dello Sport. Италиялық команда 38-жасар шабуылшыға жылына 5 миллион еуро жалақысы бар келісім-шарт ұсынғанымен, швециялық 7,5 миллион талап етіп отыр. Қалай болған күннің өзінде де, "россонеридің" бас бапкері Стефано Пиоли Златанды командада сақтап қалғысы келеді.

Еске сала кетсек, Ибрагимович өткен маусымның екінші жартысында "Миланға" оралып, 18 матчта алаңға шығып, 10 гол салып, жанкүйерлердің көзайымына айналған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×