Миралем Пьянич мансабын БАӘ-де жалғастырады

07.09.2022, 00:38
Футболшы «Барселонадан» еркін агент ретінде кетеді.
Миралем Пьянич мансабын БАӘ-де жалғастырады

«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Миралем Пьянич жақында командадан кетеді. Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, босниялық футболшы БАӘ-нің «Шарджа» клубына ауысу турaлы шешім қабылдады.

Арабиялық клубтың ұсынысы Пьяничтің көңілінен шыққан екен. «Барселонадан» ойыншы еркін агент ретінде кетеді, каталониялықтар бұл трансферге кедергі болмайтынын мәлімдеді.

Миралем өткен маусымды түркиялық «Бешикташта» өткізді, 26 матчқа қатысып, 4 нәтижелі пас берді. Жартылай қорғаушы «Барселонаға» 2020 жылдың 1 қыркүйегінде туриндік «Ювентустан» ауысқан еді. Содан бері босниялық футболшы каталониялық клубта 30 матч өткізді. Бұған дейін Пьянич италиялық «Рома», франциялық «Лион» және «Мец» командаларында да ойнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×