Неймардың мадридтік “Реалға” ауысатыны белгілі болды

22.09.2011, 02:45
Неймардың мадридтік “Реалға” ауысатыны белгілі болды
Үлкен футболға жарық жұлдыздар шығаратын шеберханаға баланатын Бразилия әлемге талай ала доп саңлақтарын сыйлағаны белгілі. Солардың бірі - жас жалын  Неймардың мадридтік “Реалға” ауысатыны белгілі болды. Осы уақытқа дейін “Сантос” клубында өнер көрсетіп келген шабуылшыға көз салғандар аз болған жоқ. Алайда аяқдопшының агенттері “Барселона” мен  “Реалдан” түскен ұсыныстарға қатты қызығыпты. Әлемнің маңдайалды қос командасынан Неймардың көңілі  корольдік клубқа түстіпті. Бейресми ақпараттарға сүйенсек, мадридтіктер ойыншыны өз сапында көру үшін 60 миллион евро жұмсапты. 6-жылға жоспарланған келісім-шартта көрсетілгендей,  футболшының жылдық жалақысы  7 миллион евроға тең.  Бразилиялық “Сантостың” құрамында 68 кездесу өткізіп, қарсыласының  қақпасына 30 доп тоғытқан сұрмерген дәл қазір командасымен жаттығуын жалғастырып жатыр. 19 жасар вундеркинд Лондон Олимпиадасынан кейін ресми түрде “Реалдың” ойыншысы атанады. Төлеген Жұмабек, Елдос Қамбалиев
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×